Адал ұрпақ

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы

       Сыбайлас жемқорлық – елдің дамуына кедергі келтіретін бірден-бір тосқауыл болып табылады. Аталған індет қоғамның әлеуметтік-экономикалық, рухани дамуын тежеп, тұтастай мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіреді. Қазақстан егемендік алған кезден бастап Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясаты арқасында, жемқорлықпен жаппай күресу саясатын мақсатты түрде жүзеге асыруда.   Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық  сезімі бар жастарды тәрбиелеу мақсатында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы  бүгінде біздің мектепте де қарқынды іске асырылып келеді. Жүйелі жасалған жоспарға  сәйкес, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмысы ұйымдастырылып, жастардың бойында өнегелілік, жауаптылық, патриоттылық сынды қасиеттер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы шаралар қолға алынды. Жылдың басында «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес»  тақырыбында  жалпы  мектепшілік ата-аналар  жиналысы өткізіліп, құқықтық тәрбиелеуде  және  құқық бұзушылықтарға,  оның   ішінде  сыбайлас жемқорлыққа   төзбеу  мәдениетін  қалыптастыруда  отбасының  рөлі  жайлы айтылды.  Ата-аналарға  балалардың   құқықтық  заңдылықтары мен      тәртіпті  құрметтеуге  тәрбиелеу бойынша  практикалық  ұсыныстар  берілді. Біздер ата- аналар бұл туралы біліп жатырмыз. Осыған бәріміз бірігіп, атсалысып қоғамымызды, қала берді ауылымызды, мектепті аулақ ұстауымыз керек деп ойларын түйіндеді. Мектеп оқушылары мен ұстаздарға үгіт парақшалары таратылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Қазақстан-құқықтық, жемқорлықсыз мемлекет» тақырыбында мектепішілік ата-аналарға лекторий өткізді. 1-11 сынып оқушыларының 28 ата-аналары лекторийге қатысты және  көп қажетті, бағалы ақпаратқа ие болды. Бүгінгі күні қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселе. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетіс­тік­­терді жоққа шығаратын, заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресі үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Сон­дықтан да еліміздің мемлекеттік саясатының негізгі басымдылық­тары­ның бірі осы зұлымдықпен күресу екені ата-аналарға  айтылды.

Қазан айында мектепішілік жоспар бойынша"Жемқорлықсыз өмір" тақырыбында бастауыш сынып оқушыларымен  әңгіме жүргізілді. Оқушыларға “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік берілді.Оқушыларды екі топқа бөліп, әр топ өздеріне берілген жағдаяттарды топ  ішінде талқылап,өз ойларын ортаға салды.  "Жемқорлық" деген не сұрағына постер жасап,қорғады. Оқушылар өз көзқарастарын білдіріп, ойларын еркін жеткізді. 

 

 

адал ұрпақ жоспары1

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының тізімі 

2020-2021 оқу жылы

"Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының ақпараттық бұрышы



Өтілген іс-шаралар 

«Біздің таңдауымыз - заңды мемлекет»

«Жасөспірімдердің құқық бұзушылығының алдын алу» тақырыбында пікір талас өтті

"Құқық бұзушылықтың алдын алу -басты міндет" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

"Өз құқығыңды білесің бе?" тақырыбында әңгіме өткізілді

"Сыбайлас жемқорлыққа- жол жоқ!" тақырыбында сынып сағаты өтті

«Жемқорлықпен күресу-басты міндетіміз» тақырыбында оқушыларға бейнероликтер

"Адалдық дүкені"

«Мемлекеттік қызмет - елдің мүддесіне адал еңбек"