Адал ұрпақ

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы

       Сыбайлас жемқорлық – елдің дамуына кедергі келтіретін бірден-бір тосқауыл болып табылады. Аталған індет қоғамның әлеуметтік-экономикалық, рухани дамуын тежеп, тұтастай мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіреді. Қазақстан егемендік алған кезден бастап Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясаты арқасында, жемқорлықпен жаппай күресу саясатын мақсатты түрде жүзеге асыруда.   Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық  сезімі бар жастарды тәрбиелеу мақсатында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы  бүгінде біздің мектепте де қарқынды іске асырылып келеді. Жүйелі жасалған жоспарға  сәйкес, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмысы ұйымдастырылып, жастардың бойында өнегелілік, жауаптылық, патриоттылық сынды қасиеттер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы шаралар қолға алынды. Жылдың басында «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес»  тақырыбында  жалпы  мектепшілік ата-аналар  жиналысы өткізіліп, құқықтық тәрбиелеуде  және  құқық бұзушылықтарға,  оның   ішінде  сыбайлас жемқорлыққа   төзбеу  мәдениетін  қалыптастыруда  отбасының  рөлі  жайлы айтылды.  Ата-аналарға  балалардың   құқықтық  заңдылықтары мен      тәртіпті  құрметтеуге  тәрбиелеу бойынша  практикалық  ұсыныстар  берілді. Біздер ата- аналар бұл туралы біліп жатырмыз. Осыған бәріміз бірігіп, атсалысып қоғамымызды, қала берді ауылымызды, мектепті аулақ ұстауымыз керек деп ойларын түйіндеді. Мектеп оқушылары мен ұстаздарға үгіт парақшалары таратылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Қазақстан-құқықтық, жемқорлықсыз мемлекет» тақырыбында мектепішілік ата-аналарға лекторий өткізді. 1-11 сынып оқушыларының 28 ата-аналары лекторийге қатысты және  көп қажетті, бағалы ақпаратқа ие болды. Бүгінгі күні қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселе. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетіс­тік­­терді жоққа шығаратын, заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресі үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Сон­дықтан да еліміздің мемлекеттік саясатының негізгі басымдылық­тары­ның бірі осы зұлымдықпен күресу екені ата-аналарға  айтылды.

Қазан айында мектепішілік жоспар бойынша"Жемқорлықсыз өмір" тақырыбында бастауыш сынып оқушыларымен  әңгіме жүргізілді. Оқушыларға “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік берілді.Оқушыларды екі топқа бөліп, әр топ өздеріне берілген жағдаяттарды топ  ішінде талқылап,өз ойларын ортаға салды.  "Жемқорлық" деген не сұрағына постер жасап,қорғады. Оқушылар өз көзқарастарын білдіріп, ойларын еркін жеткізді. 

 

Өтілген іс-шаралар 

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сынып сағаты өтті

4 қыркүйектен 9 қыркүйек аралығында  мектебімізде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру барысында көптеген іс-шаралар өтті. Сыбайлас жемқорлық  - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.Ең бірінші  жоспар құрылып, бекітілді. Осы жоспарға сай барлық іс-шаралар өткізілді.

04.09 күні Кеңес орта мектебінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сынып сағаты өтті.

Мақсаты:

“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.

Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту

Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптасады.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02xz91oPq7vC5FYGdmT6E8dwN3uLbdoH4J1FtZtGBAztUo6FhE1RePSm1hgqPRTFTAl&id=100084774558455&mibextid=Nif5oz

 

"Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбында сынып сағаты өтті

04.09 Кеңес орта мектебінің 10-сынып оқушыларымен "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Сыбайлас-жемқорлыққа жол бермеу. Өз көзқарасын білдіріп,ойларын дұрыс жеткізуге дағдыландыру.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0YXigqbsXXJoQpPW8ozoLySPPmCvbTHBcMmJN6ZSzeJtYtx3MHsm57ugzLxozKs7Tl&id=100043152009033&mibextid=Nif5oz

 

"Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбында сынып сағаты

05.09 күні Кеңес орта мектебінің мұғалімі Бигужина Толқын 6 - сынып оқушыларымен "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларды жемқорлықсыз болашақ құруға бастау, өз ойларын еркін жеткізіп, жемқорлыққа жол бермеуге тәрбиелеу. Оқушыларға жемқорлықтың әкелер зардабы туралы айтылды.

https://www.facebook.com/kenes.ortamektebi/posts/pfbid02qQtzTyCsXteBMeNXTxczEGcv4TinSq9d4dBaczhw6j9ueVkeLsbM8PfY9W6WujTQl

 

 

«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында дөңгелек үстел

05.09 күні Кеңес орта мектебінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының іс- шаралары аясында Бактыбаев А.М мен Габбасов С.С ұйымдастыруымен 9-10 сынып арасында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Қоғамдық қасіретке әкелетін бұл материалдық құндылықтар дағдарысынан шығу және оны жою дұрыс әрекет етуден туындайтынын ұғындыру.

Оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастырып, құқықтық сауаттылығын арттыру.

Отанға деген сүйіспеншілікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көргенділік пен адалдыққа тәрбиелеу.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0298EiYTFrJF8R1hJScT8mByotLMETRoxEhmMYNVnQvDjLfFkkky4YLxdcF4LY9J4kl&id=100084774558455&mibextid=Nif5oz

 

«Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында сурет байқауы

 

6.09.2023ж. Шал ақын ауданының Кеңес орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларымен «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубыныңіс-шаралар жоспары аясында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында сурет байқауы өтті. Мақсаты:Оқушыларға«Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.

Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту.

Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02zkguze5u1oiWYVNbtLsrKodMAvVFNoKbQHH5NXoZEYiAMtLFXM6tWJN24qa3Mu1vl&id=100008397436261&mibextid=Nif5oz

 

"Адалдық жүрген жерде-адамдық жүреді"

"Адал Ұрпақ " ерікті мектеп клубының 4-9 қыркүйек аралығында өтетін іс-шаралар жоспары барысында 7- қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сыздықова Н.Б "Адалдық жүрген жерде-адамдық жүреді" тақырыбында 7-8 -сынып оқушылары арасында шығарма байқауын ұйымдастырды.Мақсаты: сыбайлас жемқорлық туралы жан -жақты мәлімет бере отырып,одан сақтану жолдарын,алдын алу мәселелерін қарастыруға мүмкіндік беру.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02buyEaH9ftcgug429BcjNAQCL1HZjfTxqBdJfJUTwr135qXENJoPjZmqoQv5Liufol&id=100043152009033&mibextid=Nif5oz