Мектеп парламенті
23 қыркүйек күні оқушылардың Өзін-өзі басқару негізінде Мектеп Президенті Парламентіне сайлау өтті. Мектеп Парламенті Президенттілігіне сайлауға қоғамдық қызметтерге мүдделі көшбасшы, «Жас Ұлан» ұйымына мүше 8-11 сынып аралығынан 2 оқушы үміткерлігін білдірді. Үміткерлер: Габбасова Гүлжайна 10- сынып, Байжан Бауыржан 9- сынып. Жалпы сайлауға 52 оқушы қатысты. Сайлау қорытындысы бойынша 10- сынып оқушысы Габбасова Гүлжайна 28 дауыс жинап, мектеп Президенті болып сайланды. Сайлау қорытындысы сап жиынында хабарланды.
Кеңес орта мектебінде 2022 жылғы мектеп парламентінің президентін және фракцияларының сайлау өтті!
Кеңес орта мектебінде мектеп парламентінің пікірталас қозғалысының фракциясының арасында " Пікірсайыс қозғалысы,Алға!" атты челленджі ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың бойына патриот сезімдерін ұялату, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Кеңес орта мектебінде 16 қыркүйек күні 8-11- сынып оқушылары арасында Кенжалина М.С. ұйымдастыруымен ұшқыр ой алаңында " Қазақ тілі мәртебесі өз дәрежесінде ме?" тақырыбында дебат турнирі болып өтті. Мақсаты: оқушылардың бойына патриот сезімдерін ұялату, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, ой- өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
 
 
Кеңес орта мектебінде 15 қыркүйек күні «Өзін- өзі басқару» ұйымының отырысы болып өтті.
Күн тәртібінде :
1.Сайлау науқаны жайында түсіндірме жұмыстары 2.Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде 3.Әр түрлі мәселелер. Оқушыларға құнды ақпараттар толы жиналыс болды. Оқушылар сұрақ-жауап алмасып өз белсенділіктерін танытты.
 
 

 

Кеңес орта мектебінде 19 қаңтар  күні  «Өзін- өзі басқару» ұйымының отырысы  болып  өтті.

 Күн тәртібінде :

1.Атқарылып  жатқан жұмыстар бойынша есебі.                         

  2.Оқушылардың үлгерімі.                                                                                                        

3.Оқушылардың толықтай  сабаққа  қатысулары.                                                         

4.Үзіліс кезінде оқушының міндеті.                                                                                 

  5.Әр түрлі мәселелер.                                                                                                    

Оқушыларға  құнды  ақпараттар  толы  жиналыс болды.                                         

 Оқушылар сұрақ-жауап алмасып  өз  белсенділіктерін  танытты. 

 

07.12.21ж. Шал ақын ауданының Кеңес орта мектебінде "Вейп-денсаулыққа қауіпті" апталық жоспары аясында 8,9-сынып оқушыларына "Вейп шынымен қауіпсіз бе, әлде қауіпті ме "  тақырыбында  дебат өтті. Оқушылар ұшқыр ойларын ортаға салды. Мақсаты: оқушыларға қазіргі таңдағы  ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу.

QAZAQSTAN30                                                                                                                

#MENINQAZAQSTANYM       

@QAZAQSTAN30JYL

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына челленджі

https://kenesshsko.edu.kz/sites/kenesshsko.edu.kz/VID-20211011-WA0086.mp4

 

https://kenesshsko.edu.kz/sites/kenesshsko.edu.kz/2132465498.docx

03.12.21ж  Кеңес орта мектебінің 8-9-сынып оқушыларымен "Мектеп қатыкездік пен зорлық- зомбылықтан азат аумақ" тақырыбында конференция болып  өтті.                                                                                                                     

 Мақсаты: Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету.Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.

6-сыныптың видеочелленджі

https://kenesshsko.edu.kz/sites/kenesshsko.edu.kz/6568656.docx

https://kenesshsko.edu.kz/sites/kenesshsko.edu.kz/VID-20211117-WA0033.mp4