13 қаңтар күні Кеңес орта мектебінің өзін-өзі басқару ұйымының Қамқорлық фракциясы көшбасшысының ұйымдастыруымен 10-сынып оқушылары Мектеп маңындағы корттың қарын тазалауға көмектесті. Мақсаты: оқушыларды салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға, күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және өз уақыттарын тиімді дұрыс пайдалануға үйрету.
10.01.2023 Шал ақын ауданы Кеңес орта мектебі Оқуға құштар мектеп жобасы аясында Қысқы демалыс кезінде балалар мен жас өспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану негізінде"Қызықты қыс" "Қысқы демалыс"
3-сынып оқушысы
Аман Медина
09.01.2023. Шал ақын ауданы "Кеңес орта мектебі "КММ Оқуға құштар мектеп жобасы аясында "Қысқы демалыста кітап оқимыз"іс-шара жоспарға сәйкес "Жас қыран" өзін-өзі басқару ұйымының бастауыш сынып оқушыларының Қысқы демалыста "Кітап оқимыз" марафоны. Жиренше жайлы ертегілерді оқи отырып, адамгершілік, адалдық , еңбексүйгіштік қасиеттерін дамытамыз.
08.01.2023 Шал ақын ауданы "Кеңес орта мектебі"КММ Оқуға құштар мектеп жобасы аясында "Жас ұлан" өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерінің Қысқы демалыста "Кітап оқимыз" марафоны.
Кеңес орта мектебінде 6 желтоқсан күні «Өзін - өзі басқару» ұйымының фракцияларының отырысы болып өтті. Күн тәртібінде: 1.Атқарылып жатқан жұмыстар жайлы 2.Мектепте өтетін әр түрлі іс шаралар 3.Әр түрлі мәселелер Оқушылар сұрақ-жауап алмасып өз белсенділіктерін танытты.
23 қыркүйек күні оқушылардың Өзін-өзі басқару негізінде Мектеп Президенті Парламентіне сайлау өтті. Мектеп Парламенті Президенттілігіне сайлауға қоғамдық қызметтерге мүдделі көшбасшы, «Жас Ұлан» ұйымына мүше 8-11 сынып аралығынан 2 оқушы үміткерлігін білдірді. Үміткерлер: Габбасова Гүлжайна 10- сынып, Байжан Бауыржан 9- сынып. Жалпы сайлауға 52 оқушы қатысты. Сайлау қорытындысы бойынша 10- сынып оқушысы Габбасова Гүлжайна 28 дауыс жинап, мектеп Президенті болып сайланды. Сайлау қорытындысы сап жиынында хабарланды.
Кеңес орта мектебінде 2022 жылғы мектеп парламентінің президентін және фракцияларының сайлау өтті!
Кеңес орта мектебінде мектеп парламентінің пікірталас қозғалысының фракциясының арасында " Пікірсайыс қозғалысы,Алға!" атты челленджі ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың бойына патриот сезімдерін ұялату, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Кеңес орта мектебінде 16 қыркүйек күні 8-11- сынып оқушылары арасында Кенжалина М.С. ұйымдастыруымен ұшқыр ой алаңында " Қазақ тілі мәртебесі өз дәрежесінде ме?" тақырыбында дебат турнирі болып өтті. Мақсаты: оқушылардың бойына патриот сезімдерін ұялату, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, ой- өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Кеңес орта мектебінде 15 қыркүйек күні «Өзін- өзі басқару» ұйымының отырысы болып өтті.
Күн тәртібінде :
1.Сайлау науқаны жайында түсіндірме жұмыстары 2.Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде 3.Әр түрлі мәселелер. Оқушыларға құнды ақпараттар толы жиналыс болды. Оқушылар сұрақ-жауап алмасып өз белсенділіктерін танытты.
Кеңес орта мектебінде 19 қаңтар күні «Өзін- өзі басқару» ұйымының отырысы болып өтті.
Күн тәртібінде :
1.Атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есебі.
2.Оқушылардың үлгерімі.
3.Оқушылардың толықтай сабаққа қатысулары.
4.Үзіліс кезінде оқушының міндеті.
5.Әр түрлі мәселелер.
Оқушыларға құнды ақпараттар толы жиналыс болды.
Оқушылар сұрақ-жауап алмасып өз белсенділіктерін танытты.
07.12.21ж. Шал ақын ауданының Кеңес орта мектебінде "Вейп-денсаулыққа қауіпті" апталық жоспары аясында 8,9-сынып оқушыларына "Вейп шынымен қауіпсіз бе, әлде қауіпті ме " тақырыбында дебат өтті. Оқушылар ұшқыр ойларын ортаға салды. Мақсаты: оқушыларға қазіргі таңдағы ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу.
QAZAQSTAN30
#MENINQAZAQSTANYM
@QAZAQSTAN30JYL
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына челленджі
https://kenesshsko.edu.kz/sites/kenesshsko.edu.kz/VID-20211011-WA0086.mp4
https://kenesshsko.edu.kz/sites/kenesshsko.edu.kz/2132465498.docx
03.12.21ж Кеңес орта мектебінің 8-9-сынып оқушыларымен "Мектеп қатыкездік пен зорлық- зомбылықтан азат аумақ" тақырыбында конференция болып өтті.
Мақсаты: Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету.Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.
6-сыныптың видеочелленджі
https://kenesshsko.edu.kz/sites/kenesshsko.edu.kz/6568656.docx
https://kenesshsko.edu.kz/sites/kenesshsko.edu.kz/VID-20211117-WA0033.mp4