Проект "Читающая школа"

 

 
 
 
 
 
2024-2025 оқу жылында өткізілген іс-шаралар
 
28.08.24.ҚР Конституциясы күнін мерекелеу арналған іс-шаралар жоспары аясында Кеңес орта мектебінің мектеп кітапханашысы Кенжалина М.С ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушыларына "Қазақстан Конституциясы – уақыт призмасы арқылы" атты көрме болып өтті. Максаты:Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету.Оқушыларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру.
 
 
 
2024 жылдың 11 қыркүйек күні мектеп кітапханасында Тілдер онкүндігіне орай Кенжалина М.С. ұйымдастыруымен «Тіл – халық мұрасы» тақырыбында кітап көрмесі болып өтті.
Мақсаты:Оқушыларға ана тілін білудің маңызы жайлы айту,ана тілін үйрету,
Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту, мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.
 
 
 
 
«Оқуға құштар мектеп» ,"Балалар кітапханасы" жобасы аясында 2024 жылдың 13 қыркүйек күні "Кеңес орта мектебі" КММ-нде Кенжалина М.С. ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлының қырық мысалымен танысу» атты дөңгелек үстел 5-6 сынып оқушыларымен өткізілді. Мақсаты: Қазақ тіл білімінің негізін салушы, мемлекет қайраткері - Ахмет Байтұрсынұлының тілді түрлеген ғалымдығын, қысқа ғұмырын халқына арнаған дарабоз дарын иесі екендігін сезіне білуге, оның шығармаларын сүйсініп оқуға тәрбиелеу.
 
 
 
2024 жылдың 27 қыркүйек күні мектеп кітапханасында Еңбек күніне орай Кенжалина М.С. ұйымдастыруымен «Еңбек,қуаныш,жалқаулық,азап» тақырыбында кітап көрмесі болып өтті.
Мақсаты: Оқушылардың “еңбек” құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбек пен жалқаулық туралы түсінік беру;еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
 
 
 
«Оқуға құштар мектеп» ,"Балалар кітапханасы" жобасы аясында 2024 жылдың 08 қазан күні "Кеңес орта мектебі" КММ-нде кітап оқуға деген қызығушылықты ояту мақсатында мектеп кітапханасының меңгерушісі М.С. Кенжалина 1- сынып оқушыларымен «Кітап-біздің досымыз» атты кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. Оқушыларды кітапханамен таныстырып, кітапты қалай күтіп ұстау керектігі жөнінде және бос уақыттарында ертегі және басқа да жастарына сай кітаптар алып оқуларына болатындығы жөнінде айтылды.