Школьное питание

Ас -адамның арқауы.

      Шал ақын ауданындағы Кеңес орта мектебінде 2024-2025 оқу жылында 2024 жылдың 2 қыркүйегінен оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмысы санитарлық-гигиеналық және бүгінгі карантиндік кезең талаптарына сай жүйелі түрде ұйымдастырылды. Ыстық тамақпен 100пайыз қамтылса ,оның ішінде бастауыш сынып оқушылары демеушілер көмегімен, атап айтқанда мектеп директоры Абденкина Н.Б, ЖШС "АГРО -КЕҢЕС" басшысы Базарбеков Ж.Д, жеке шаруа қожалық басшылары Сыздықов М.Қ., Кубетаев Ж.Ш көмектерімен тегіс тегін тамақтанады, 4 оқушы Жалпы білім беру қорынан, 4оқушы мұғалімдер қолдауымен тегін тамақтанады. Ақылы тамақ құны мектеп учаскесі өнімдерін пайдалану арқылы 250 теңгені құрайды. Асхана 24 орынға шақталған, ас мәзірі екі аптаға жасалып бекіттірілген,сынып жетекшілері оқушылардың толық тамақ ішулерін қадағалауды жүргізеді. Мектеп директоры Абденкина Назгуль Бекжанқызы ыстық тамақтың сапалы ұйымдастырылуын әрдайым өз бақылауында ұстайды.

 

Кеңес орта мектебінің мемлекеттік қолдауға мұқтаж, әлеуметтік қорғалмаған отбасыларынан шыққан оқушылар тізімі

"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары