Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру бойынша оқушылармен «Қазақстан -сүйікті елім» эссе конкурсы өтті
Кеңес орта мектебінде Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру бойынша оқушылармен «Қазақстан -сүйікті елім» эссе конкурсын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сыздықова Назира Боркенқызы өткізді. Мақсаты-оқушыларды Отанын, туған жерін сүюге, туған ел тарихын білуге, қастерлеуге тәрбиелеу. Көркем шығармашылық саласындағы дарынды балаларды анықтау. Конкурстың қорытындысында жүлделі орындар алған оқушылар дипломдармен марапатталады.
Дата публикации: 18.02.2021