Зорлық-зомбылық қоғам қасіреті
"Қатыгездік және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" Республикалық акциясы аясында 10-ыншы қараша күні "Зорлық-зомбылық қоғам қасіреті" тақырыбында 10-сынып оқушыларымен сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы екенін түсіндіріп, оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.
Дата публикации: 10.11.2022