«Ұлтының ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы»
Алаш көсемі, қазақтың біртуар перзенті Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр. Осыған орай Шал ақын ауданының Кеңес орта мектебінде 5 – 11 сыныптар арасында «Ұлтының ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянымен танысып, бейнероликтер қарап, сұрақтарға жауап беру арқылы бір – бірімен пікір алысты. Сынып сағатында жас ұрпаққа Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беріліп, ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу арқылы оқушылардың танымдық деңгейін дамытуды қамтыды.
Дата публикации: 05.09.2022