“Мектебім-мейірім мекені” атты алғашқы қоңырау салтанаты
1 қыркүйек – Білім күні мерекесіне орай Кеңес орта мектебінде “Мектебім-мейірім мекені” атты алғашқы қоңырау салтанаты өтті. Бұл күн барша ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар үшін ерекше қуаныш пен толқынысқа толы мереке болды.
Салтанатты жиында мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге ауыл әкімі Саян Асқарұлы жылы лебізін білдіріп, мектеп директоры Назгул Бекжанқызы айтулы мерекемен құттықтап өтті. Ата-аналарда мектеп ұстаздары мен оқушыларға білім мен тәрбие жолындағы ақ тілектерін жеткізді. Бірінші сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау соғылып, олардың мектеп өміріне қадам басқан сәті барша қауымның көңілін толқытты.
Іс-шарада оқушылар ән айтып,өлеңдер оқылды. Білім күні мерекесі оқушылардың жаңа оқу жылына деген ынтасын арттырып, алдағы уақыттағы жетістіктеріне сенім ұялатты.
Кеңес орта мектебінің ұжымы жаңа оқу жылында табысты еңбек етіп, шәкірттердің сапалы білім, саналы тәрбие алуына бар күш-жігерін жұмсауды мақсат тұтады.
Білім күні құтты болсын!



Дата публикации: 01.09.2025