Мектебім, саған мың алғыс
Мектебі жақсы елдің-ертеңі жақсы.
23мамыр күні Кеңес орта мектебінде"Мектебім, саған мың алғыс" атты оқу жылының аяқталуына орай салтанатты жиын өтті. Бойлары, ойлары өскен 10түлектің екеуі Байжан Бауыржан, Мусина Гаухар "Алтын белгі" және Тәжібай Әдемі "Үздік аттестатқа" үміткерлер.
Мерекеге СҚУ қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, доцент Қадыров Жанбай Тұрарұлы қатынасып, Республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы Мусина Гаухарға "Манаш Қозыбаев университеті грантын" растайтын куәлік табыстады.
Аудандық білім бөлімі басшысы Бұлбұл Ахмадиқызы құттықтау сөзінде, білім ордасының педұжымының жоғары кәсіби деңгейін атап өтті. Оқушыларды марапаттап, түлектерге сәттілік тіледі.
Ардагер ұстаз Базарбекова Балапан Қайнашқызы ауыл мектебі оқушыларының үлкен жетістікке жетуі, білімді, білікті ұстаздар қауымының тынымсыз еңбегінің нәтижесі екенін мақтанышпен жеткізді.
Жас түлек, ата-ананың, алтын ұя мектептің, елдің мақтанышы болыңдар! Сәттілік тілейміз!



Дата публикации: 23.05.2025