Кеңес орта мектебінде қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында антитеррорлық оқу-жаттығу сабағы өтт
Кеңес орта мектебінде қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында антитеррорлық оқу-жаттығу сабағы өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылар мен мұғалімдердің төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және қауіпсіздік мәдениетін арттыру болды.
Оқу-жаттығу барысында мектеп аумағынан шартты түрде белгісіз зат табылғаны жөнінде хабарлама түсіп, жоспар бойынша барлық қатысушылар эвакуацияланды. Мұғалімдер оқушыларды қауіпсіз аймаққа шығарып, арнайы қызметтердің келуіне дейінгі іс-әрекеттерді орындады.
Антитеррорлық жаттығу барысында төтенше жағдай кезіндегі қимыл-қозғалыс ережелері түсіндіріліп, қауіпсіздік талаптарын сақтау маңыздылығы атап өтілді.


Дата публикации: 13.10.2025