Қайырымдылық – адамгершіліктің асыл қасиеттерінің бірі.
Қайырымдылық – адамгершіліктің асыл қасиеттерінің бірі. Осы бағытта мектеп еріктілері жалғыз басты анаға көмек қолын созып, отын жаруға жәрдемдесті. Олар үйлеріне барып, ауладағы отынды жарып, жинап берді. Жалғыз басты ана еріктілер клубына өз алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Мұндай игі істер қоғамдағы бірлікті, жанашырлық пен мейірімділікті арттыра түседі. Еріктілердің бұл бастамасы көпке үлгі болып, қамқорлық пен ізгілікке шақырады.



Дата публикации: 20.10.2025