“Бірге кітап оқимыз”
Қазан айының қарттар айлығы аясында “Бірге кітап оқимыз” атты республикалық отбасылық акция ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – ұрпақтар арасындағы рухани байланысты нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және қарттар мен немерелердің бірлесіп кітап оқу мәдениетін қалыптастыру болды.
Акцияға мектебімізден көптеген отбасылар атсалысып, өз үйлерінде ата-әжелерімен бірге сүйікті кітаптарын дауыстап оқыды. Үлкендер немерелеріне қазақ әдебиетінің классиктері Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин сынды қаламгерлердің шығармаларынан үзінділер оқып берсе, балалар да өздеріне ұнаған заманауи шығармалармен бөлісті.
“Бірге кітап оқимыз” акциясы барысында қарттар жас ұрпаққа өмірлік тәжірибелерін айтып, кітаптың адам өміріндегі орны мен тәрбиелік мәні жайлы әсерлі ойларымен бөлісті. Ал немерелер өз кезегінде әдебиетке деген қызығушылықтарын танытып, ата-әжелерімен бірге уақыт өткізудің қуанышын сезінді


Дата публикации: 13.10.2025