«Бала өмірінде ұялы телефонның зияны» дөңгелек үстел
Қазан айында «Бала өмірінде ұялы телефонның зияны» атты аналар кеңесімен бірлескен дөңгелек үстел өтті Іс-шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, мектеп психологы, Аналар кеңесінің мүшелері және ата-аналар қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты – балалардың смартфонды шамадан тыс қолдануының денсаулығына, психологиялық дамуына және оқу үлгеріміне әсерін талқылау, ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.
Жиын барысында: телефонға тәуелділіктің оқу процесіне кері әсері;
ұзақ уақыт экранға қараудың көру қабілетіне тигізетін зияны;
интернет қауіпсіздігі және балаға бақылау орнату жолдары; ата-ананың цифрлық тәрбиедегі рөлі сияқты маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды. Мектеп психологы балалардың смартфон қолдану уақытын басқару, эмоциялық күйін бақылау және гаджетке тәуелділіктің алдын алу жөнінде пайдалы кеңестер берді. Аналар кеңесінің мүшелері өз тәжірибелерімен бөлісіп, отбасы ішінде гаджет қолдануға ортақ ережелер енгізу туралы ұсыныстарын білдірді. Дөңгелек үстел соңында қатысушылар балалардың денсаулығы мен тәрбиесі жолында бірлесіп жұмыс істеудің маңызын атап өтіп, келешекте ата-аналармен тағы да ортақ кездесулер өткізу туралы шешім қабылдады.
