7-мамыр Отан қорғаушылар күні
#gani.beisembayev
7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Кеңес орта мектебінде мерекелік іс-шара өтті. Іс- шараға ауыл әкімі Саян Асқарұлы келіп, ер азаматтар қауымын айтуылы мерекемен арнайы түрде құттықтады. Су тасқынын алдын алу мақсатында өз үлестерін қосқан жұмысшы ағайларға аудан әкімінің арнайы алғыс хаттарын табыстады. Мерекелік іс-шараны мектебіміздің оқушы қыздары әнмен, бимен жандандыра түсті. Оқушылар арнайы тақпақтар айтып, көрініс қойып, ер азаматтар қауымын құттықтады.



Дата публикации: 06.05.2025