1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Кеңес орта мектебінде де тойланды.
Баланың ең сенімді қорғанысы – дені сау, тату, берекелі отбасы. Балалар біздің үмітіміз, болашағымыз. Қуаныш пен шаттыққа толы балалық шақтан асқан сұлулық жоқ, оны солай ету – отбасының, қоғамның, мемлекеттің міндеті.
Балаларды қорғау күнінің мақсаты – балалардың өмір сүруге, пікір бостандығына, білім алуға және қорғауға құқығы бар екенін еске салу.
Осы мерекеге орай “ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАЛАРЫ” декадасы аясында “Бақытты балалық шақ” атты іс-шара өтті. Балаларды айтулы мерекемен мектеп директоры Назгүл Бекжанқызы құттықтады. Оқушылар би билеп, ән айтты. Түрлі ойындар ойнатылып, сыйлықтар таратылды. Мерекеге орай ауыл тұрғыны Кубетаев Жанат Шермухамбетұлы демеушілік жасап, балаларға тәтті балмұздақтар таратты. Балалар дән риза!


Дата публикации: 01.06.2025