«Этноауыл»

14 маусым күні Кеңес орта мектебі аудандық «Аю тас» сауықтыру лагерінде балаларға арналған «Этноауыл» алаңының ашылуына қатысты. Іс шара мақсаты: қазақ халқының мәдениетін , салт-дәстүрін болашақ ұрпаққа паш ету. Іс-шара барысында ұлттың ұлылығын насихаттайтын түрлі шаралар өтті. Соның ішінде технология пәнінің мұғалімі Бигужин С.К. оқушысы Дусембиев Абаймен ұлттық колөнер бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі Сыздыков М.К. оқушылармен спорттық «Бес тас» ойынын көрсетті.

Дата публикации: 17.06.2022