"Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық"
Әлемдегі барша жұрт,
Бас иеді білімге.
Білім күнін қарсы алып,
Қыркүйектің бірінде.
Білім күні, біл мұны –
Ойға сәуле шашады.
Баршамызға бұл күні,
Мектеп есік ашады.
Мектеп – ұя, құт қонған,
Білім нұры тараған.
Ұлағатты ұстаздан,
Сабақ алған бар адам - дей келе бүгін, 1-қыркүйек білім күніне орай мектебімізде "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" тақырыбында, 1-сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау үні соғылды.
1-қыркүйек әрбір оқушының өміріне әсер қалдыратын сәт. Бүлдіршіндеріміздің білім атты өмірге аттаған қадамдары құтты болсын!!!🔔🔔🔔🖋🖋🖋🎊🎊🎊🎀🎀🎀

Дата публикации: 01.09.2022