Авторлық бағдарламалар

Физика пәнінен (7-сыныпқа арналған) ағылшын тіліне аударылған терминдер жинағы Zip (37 Kb)

Авторлық бағдарламалар

«Есте жүрген есiмдер» деген айдармен өңiрiмiзге, елiмiзге танылып, бүгiнгi өмiрден озған өнер адамдардың, ақын-жазушыларды еске алып, олардың өмiрi мен шығармашылығына қайта оралу. Ұсынылып отырған әдiстемелiк құралдан жазушылар мен қоғам қайраткерлерiнiң өмiрлерiн, шығармашылықтарын, халыққа қызмет жасағандары, өздерiнiң жазған өлеңдерiн, шығармалары мен ғылыми еңбектерi жайында мектепте өткiзiлген iс-шаралардың шығармашылық кешiнiң сценарийiн арнау өлеңдерiн оқи аласыздар. Әдiстемелiк құрал тiл мамандары мен жазушылардың өмiрi мен шығармашылықтары, ғылыми еңбектерiн қызықтырған оқырман қауымға арналады.

О-56 Есте жүрген есiмдер
/Құрастырушы авторлар: Сыздықова Н.Б. Адырбаева М.Ж. Петропавл қаласы 2018-84 стр/

Авторлық бағдарламалар

Бұл жинақта математика курсында кездесетiн қозғалыс есептерi, яғни судағы, құрлықтағы қозғалыс есептерi қарастырылған. Олардың шығарылу жолдары, тәсiлдерi, сол тақырыпқа қосымша жаттығулар берiлген. Бұл жинақты мұғалiмдер мен оқушылар сырттай бақылауға, ұлттық бiрыңғай тестiлеуге, мемлекеттiк аттестаттауға, сабаққа қосымша дайындық құралы ретiнде қолдануға болады.

Н-41 математика курсында кездесетiн қозғалысқа байланысты есептердiң шешу жолдары мен жаттығулар жинағы / құрастырушы Кеңес орта мектебiнiң математика пәнiнiң мұғалiмi Негметова С.Г. Петропавл қаласы /

Авторлық бағдарламалар

Өңiрiмiз туралы көптеген деректер жинап, жерiмiз туралы сипаттама берiп, болашақ ұрпаққа құнды мағлұмат жиналды.

Мектептерде «Өлкетану» курсы кiргiзiлдi Өлкетану — елiмiздiң әрбiр аймағын, ауданын, ауылының тарихын насихаттау болып табылады Н.Ә. Назарбаевтiң «Рухани-жаңғыру. болашаққа бағдар» халқына жолдауында көрсетiлгендей «Туған жер» бағдарламасына сай жүргiзiлген.

Жас жеткiншектерге тиянақты бiлiм беру жолдарының бiрi — жергiлiктi материалдарды сабаққа қолдану болып табылады. Соның iшiнде өсiмдiктер мен жануарларды ерекше сипатталып, халық медицинасындағы маңызы аталып көрсетiлген.

А-28 ӨЛКЕМНIҢ ТАБИҒАТ ЕРЕКШЕЛIГI. Әдiстемелiк құрал жалпы орта мектептердiң география пәнiнiң мұғалiмдерiне арналған /Автор-құрастырушы Адырбаева Р.Қ. — Петропавл 2018ж

Авторлық бағдарламаларАвторлық бағдарламалар

Бұл құралды қолға алуға болған мәселе мектептегi оқушылардың «Ң-Н» дыбыстарын айта, жаза алмауы болып табылады. Қазақ тiлi сабақтарында және сабақтан тыс уақытта «ң-н» дыбыстары кездесетiн сөздердi дұрыс меңгерту және жалпы қолданысының жолдары көрсетiлген. Қазақ тiлi бiлiмiнiң заңдылықтарына сай дыбыстарды ажыратып, орфоэпиялық, орфографиялық нормаларды сақтап айта, жаза алуды үйрету үшiн жаттығулар топтастырылған, мысалдар келтiрiлген. «ң-н» дыбыстарын дұрыс айта, жаза алмаған баланың оқу сауаттылығы, бiлiм сапасыныңтөмендейтiндiнi дәлелдендi.

/Құрастырған: Нұрмағанбетова А.М. «Шал ақын ауданының Кеңес орта мектебi» КММ қазақ тiлi мен әдебиетiпәнi мұғалiмi/

Авторлық бағдарламалар

«Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық ойынның ұтары көп» деген айдармен ұсынылып отырған әдiстемелiк құралдан қазақ халқының ескi мұрасының бiрi — Тоғызқұмалақ ойыны жайында болмақ. Терең ойды талап ететiн, ойнасаң қызығына тоймайтын халық даналығы қалдырған ойындардың бiрi. Тоғызқұмалақ — әлемдiк интеллектуалдық ойындардың озық үлгiлерiмен бой теңестiре алатын зияткерлiк ойын, логикалық ойлау өнерi. Бұл өнердiң басты қасиетi — адам санасын жетiлдiруге ерекше күш салады. Тоғызқұмалақ — шахмат, дойбы ойындары сияқты адамнан шыдамдылықты, салқын қандылықты, терең және логикалық ойлауды қажет ететiн ақыл-ой спорты. Күрделiлiгi жағынан тоғызқұмалақ аталған ойындардан кем соқпайды. Тоғызқұмалақтың басқа есеп ойындарынан бiр ерекшелiгi, бұл — өте нәтижелi ойын, тең ойын өте сирек кездеседi. Әдiстемелiк құрал тоғызқұмалақ ойынын үйренгiсi келетiн немесе жас жеткiншектi қазақтың ұлттық ойынын ойнатуға қызықтырған оқырман қауымға арналады.

С-95 Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық ойынның ұтары көп / Құрастырушы-автор Сыздыков М.К.- Петропавловск, 2018.-139 стр.