«Жемқорлықпен күресу-басты міндетіміз»

19 наурыз күні «Жемқорлықпен күресу-басты міндетіміз» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Адырбаева М.Ж. оқушыларға бейнероликтер көрсетті. Мақсаты: "Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Оқушылар бейнероликті көріп болған соң сұрақтар қойылды.Осы бейнероликті көрген кезде қандай сезімде болдыңдар? Кімнің іс-әрекеті дұрыс емес? Оқушылар өз ойларын толық дәлелдеп, жеткізе білді. Яғни, пара бермеу және алмау. Мақсатты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырысу және парақорлықты көрсек жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беру қажет екенін оқушылар айтып өтті.

Дата публикации: 19.03.2021